Арыста автоматтандырылған мал фермасы бар

Арыс қаласындағы фермалардың бірінде робот арқылы басқарылатын сауу цехы бар. Швед технологиясы арқылы онда тәулігіне 9 тонна сүт өндіріледі. Жоба құны 2 млрд теңгеден асады.

Ондағы сиырларға жем-шөп берілсе, сауылатындары арнайы құлтемірге қарай өтеді. Айта кету керек, бір сиыр тәулігіне 30-40 литр сүт береді. Кезегі келмеген, яғни сауылуға ерте сиырлар жатын бөлмесіне қарай жайғастырылады. Мұнда арнайы құрылғылар Сиырдың сүтті қалай беріп жатқанын бақылайды. Құрылының жұмысын қадағалайтын мамандар бар. Олардың айтуынша құлтемір бір сиырды 7-8 минут сауады екен. Бір сауылымда сиыр 16 литр немесе одан да көп сүт береді екен. Кәсіпорында жалпы Мажарстаннан әкелінген Голштин тұқымды  700-ден аса ірі қара бар. Оның 408 басы – сауын сиырлар. Кешенде 6 құлтемір сауыншы тәулік бойы жұмыс істейді. Сиырлар сауын орнына құлағына орнатылған чип арқылы кіріп шығады.

«Қораның өзі Швед компаниясы арқылы іргетасынан бастап, солардың талабымен салынды. Ол деген сөз, ішінде ешқандай адами фактор жұмыс істемейді. Барлығы автоматтандырылған. Бұл бір жағынан сиырлардың көп сүт беруіне жағдай жасайды» дейді сүт тауарлық фермасының басшысы Нұралы Әбішов.

Бүгінде фермада 30 жұмысшы қызмет етеді екен. Олар екі ауысымда еңбектенеді. Жұмысшылардың барлығы –жергілікті жердің тұрғындары. Жылына облысқа 738,4 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет болса, бұл кешен сүт өндірісін жаӊа деӊгейге көтеруге сеп болмақ әрі импорттық өнімге деген тәуелділікті төмендетеді.  Қазір онда мал басын көбейту мақсатында жаңа кешендер салынып жатыр. Ферма өз өнімін өзі өңдеу үшін тәулігіне қуаттылығы 50 тонна сүт өндіретін зауытының бой түземек.

Дереккөз: khabar.kz

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*