САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

«Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі» деп, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының тіл туралы нақыл сөздерін мақсат қойып, бүгін қала әкімі М.Қадырбектің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының тіл саясатын насихаттау болып табылады.
Іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында қаламыздағы орталық көшелерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда орындары мен жарнамалық нысандарды аралау арқылы атаулары бір тілде және шет тілдерде жазылған сауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заң талаптары түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Игі іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*