
2025 жылдың тамыз-қараша айларында Түркістан қаласы жас дарын иелері үшін үлкен мәдени сахнаға айналады. Қалада балалар мен жастарға арналған үш ірі халықаралық өнер фестивалі өтеді. Бұл жобалар — жас өнерпаздар үшін тәжірибе алмасу, шығармашылық таныстыру мен жаңа белестерге жол ашу алаңы болмақ.
- TURKESTAN CITY FEST – Балалар мен жасөспірімдерге арналған халықаралық шығармашылық байқау-фестивалі
Күні: 10 тамыз 2025 ж.
Өтетін орны: Жастар ресурстық орталығы, «Амфитеатр», Түркістан қаласы
Бұл фестивальдің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету. 4-17 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.
Номинациялар:
- Хореография: халық билері, классикалық би, заманауи стиль, уличный би, шоу және эстрадалық бағыттағы қойылымдар.
- Әр жанрда костюм, техника, музыка мен сахналық мәдениет ескеріледі.
Жас ерекшеліктері бойынша топтар:
4-7 жас, 8-14 жас, 15-17 жас, сондай-ақ 4-17 аралығындағы аралас топтар.
Жүлделер:
- VIP Гран-при: 200 000 тг
- Big Family: 50 000 тг (100+ қатысушы)
- «Үздік костюм», «Артистизм», «Жас қатысушы» және басқа да арнайы дипломдар
- Барлық қатысушылар диплом мен медаль алады
Қатысу жарнасы:
- Соло – 15 000 тг
- Дуэт – 20 000 тг
- Трио – 25 000 тг
- Топтар (8+ адам) – 5 500 тг/адам
Балалар үйінен келгендер мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін — тегін!
📧Өтініштер 5 тамызға дейін konkursy_festivali@mail.ru электронды поштасына жолдануы тиіс.
- TURKESTAN GRAND FESTIVAL – Ашық көпжанрлы фестиваль-байқау
Мерзімі: 31 қазан – 3 қараша 2025 ж.
Өтетін орны: Түркістан қаласы
Концерт билеті: 1 500 тг
«Turkestan Grand Festival» — жас дарындар мен жетекшілерге арналған кең көлемді шығармашылық алаң. Байқау вокал, хореография, аспаптық музыка, театр, көркемсөз және сән театрлары бағытында өтеді.
Номинациялар:
- Вокал: эстрадалық, халықтық, академиялық, джаз
- Хореография: классикадан street dance-ке дейін
- Инструменталды музыка
- Театр өнері мен мюзиклдер, көркемсөз
- Мода театры, театрландырылған би
Ерекшеліктері:
- Қатысушыларға шетелдегі фестивальдерге тегін жолдама (Әзербайжан, қаңтар 2026)
- Педагогтарға – «Кәсіби шеберлік» дипломы
- Қазылармен дөңгелек үстел, шығармашылық талқылау
- Ақшалай марапаттар — үздік балетмейстер, артистизм, отбасы ұжымы үшін
Қатысу жарнасы:
- Соло – 17 000 тг
- Топтар – 6 500 тг/адам
Детдомнан қатысушыларға – тегін
📧 Өтініштер 25 қазанға дейін: astana.stars@gmail.com
- TURKESTAN MUSIC FESTIVAL – Халықаралық музыка және өнер фестивалі
Мерзімі: 7–10 қараша 2025 ж.
Конгресс Холл, Түркістан
Кіру билеті: 2 000 тг (ересек еріп жүретіндер үшін)
Бұл фестиваль – вокал, хореография, инструменталды және театрлық өнер салаларындағы халықаралық деңгейдегі байқау. 4 жастан 25 жасқа дейінгі қатысушылар түрлі номинациялар бойынша өнер көрсетеді.
Номинациялар:
- Вокал: эстрадалық, халықтық, академиялық, хор, джаз
- Би: классика, заманауи, спорттық, бал, street dance
- Аспаптық музыка: фортепиано, домбыра, қобыз, үрмелі
- Театр: драма, мюзикл, қуыршақ театры, фокус, акробатика
- Көркем өнер: кескіндеме, графика, дизайн
Қатысу форматы:
- Соло, дуэт, трио, ансамбльдер
- Хор ұжымдары, шағын форма және аралас топтар
Жүлделер:
- Super Grand Prix, Гран-при, лауреаттар мен дипломанттар
- Арнайы марапаттар: үздік хореографиялық жұмыс, ең жас өнерпаз, креативті қойылым
- Барлық қатысушыларға медальдар, дипломдар, кубоктар
- Педагогтарға алғыс хаттар
Қатысу жарнасы:
- Соло – 15 000 тг
- Дуэт, трио – 8 000 тг
- Топтар – 6 000 тг
Қосымша номинацияларға жеңілдік бар
Өтініштер 25 қазанға дейін festgroupkz@gmail.com мекенжайына жолдануы тиіс.
Түркістан – Жас Таланттардың Ордасы
TURKESTAN CITY FEST, TURKESTAN GRAND FESTIVAL және TURKESTAN MUSIC FESTIVAL — бұл үш ауқымды фестиваль жас өнерпаздардың шеберлігін шыңдайтын, жаңа достар табуға және халықаралық сахнаға жол ашатын бірегей алаңдар. Түркістан осы күзде шығармашылық пен шабыт орталығына айналмақ.
Өнерлі өрендер мен жетекшілерді Түркістанда күтеміз!
Пікір қалдыру