Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатта ОҚО оқушылары 6 медаль жеңіп алды

Астана қаласында 2-5 мамыр күндері аралығында өткен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаттаОңтүстік Қазақстан  облысынан барған колледж студенттері 1 алтын мен 5 күміс медаль жеңіп алды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен чемпионатта еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 400-ден астам жас маман сынға түсті.

Қазақстанда үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Worldskills Казақстан» жобасы биыл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Ұлттық чемпионатта Оңтүстік Қазақстан облысынан барған оқушылар 9 құзыреттілік (мамандық) бойынша сайысқа түсіп, алдыңғы қатарға шықты.

Атап айтқанда,   №6 колледждің студенті «аспаз ісі» мамандығы бойынша Алтынбек Әбілхайыр алтын медаль, №16 колледждің студенттері «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» бойынша Таубай Жанарыс  күміс медаль және «пісіру ісі» құзыреттілігі бойынша Сейдулла Олжас күміс медаль иеленді. Сонымен қатар, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледж студенті «Дизайн және киімдерді моделдеу» құзыреттілігі бойынша  Касимова Оглай күміс медаль, Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі «Плитка жапсыру» бойынша  Төлеш Еркебұлан күміс медаль жеңіп алса, Жол-көлік колледжі студенті «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша күміс медальді Жолдасбай Бақберген жеңіп алды.

 Жарыстың қорытындысы бойынша алтын медаль иегері «аспаз ісі» мамандығы бойынша Алтынбек Әбілхайыр Қазақстанның ұлттыққұрама командасымен қазан айында Әбу -Даби қаласында өтетін WorldSkills Competition әлемдік чемпионатына қатысады деп күтілуде.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*