Мақтааралда қозапаядан жасалған жиһаздық бұйымдар экспортталып жатыр

Мақтааралда жылына 72 мың дана қозапая тақ­тасын дайындайтын цехта, бүгінде  29 адам жұ­мыс жасайды. Өндіріс орны 1 тонна қозапая үшін 3500 теңге сатып алады екен. Ал, 1 тон­­на ДСП дайындауға 100 мың теңге жұм­­сай­­тын көрінеді. Ал жиһаз зауытына 200 миллион теңге ин­­вес­тиция құйылған. Жылына 5 мың жұп жиынтық жиһаз құрастыратын цехта 40 адам жұмыспен қамтылған. Жал­пы, зауыттың осы салаға салған қар­жы­сы 545 миллион теңге. Қозапая экологиялық жағынан таза өнім болғандықтан қазірден іскерлік байланысқа түсуге ниетті мемлекеттер баршылық. Зауыт құрылтайшысы олардың қатарында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерін атады. Өнімнің 94 пайызы қазақстандық болса, әзірге 30 пайызы экспортқа жартылай шикізат есебінде шығады. Жаңа зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы келіп, лентасын қиды. Отандық кәсіпорын толық мәнінде жұмыс жасауы үшін оған мемлекеттік қамқорлық керек. Облыс әкімдігі об­лыс­­тық денсаулық сақтау және білім бас­­қармасы сияқты өзекті сала басшы­ларын арнайы шақыртқан екен. Мектеп­ке парта, балабақша үйіне үстел, орын­дықтар, мекемелерге офистік жиһаздар шығарып жатқан зауыттың өнімдерін ең алдымен тиісті салалар қолдауы қажет. Мұнда тұрғын үй жиһаздары да жасалып жатыр. Яғни, алыстан арба­лағанша, жақыннан дорбала.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*