Мақтааралда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада болып өтті

23-маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне орай Мақтарал аудандық Спорт бөлімінің және «Жастар ресрустық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында мемлекеттік қызмет саласында жүрген азаматтар арасында спорттың бірнеше түрінен спартакиада болып өтті. Спорттық шараны Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Сонымен қала, кент, ауылдық округ әкімдіктері мен аудандық дербес бөлімнің басшылары, қызметкерлері спорттың бірнеше түрінен бақ сынады.  Нақтырақ айтқанда мемлекеттік қызметшілер кіші футбол, 100 метрге жүгіру, волейбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі, армрестлинг секілді спорт түрлерінен кім мықтыны анықтады.

Тартысқа толы болған спорттық жарыстың соңында, Мақтаарал аудандық Спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеев жеңімпаздарға аудан әкімінің дипломдарын, алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар, биылғы мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиада да бақ сынағандар түрлі бағалы сыйлықтар мен марапаттарға қол жеткізгенін айта кету қажет.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*