Шардарада жемқорлыққа қарсы велошеру ұйымдастырылды

Екі айдан бері өткізіліп келе жатқан «Есіктен есікке» бағдарламасы аясындағы іс-шара бүгін тағы да жалғасын тапты. Аудандық ішкі саясат бөлімі аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып «Парасыз болашаққа. Бірге!» велошеру ұйымдастырды.

Аталмыш акция аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ғимаратынан бастау алды. Велосипедке отырған төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен аудан жастарыбірауыздан «Парасыз болашаққа. Бірге!» эстафетасын бастаймыз деп айтып, қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. орталық базар маңында аз-кем аялдап, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндеген парақшалар таратты. Әрбір велосипедке мінген жас азамат сыбайластық орын алған жағдайда хабарласатын «1424» номерін кеуделеріне тағып алып, ансихаттау жұмысын жүргізді. Велошеруге қатысушылар легі орталық стадионда шеруді аяқтап, оларды мемлекеттік қызметкерлер салтанатты жағдайда қарсы алды.-Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа бүкіл қоғамды тарту болып табылады. Жыл соңына дейін созылатын акцияда қала мен барлық елді мекендерде сыбайластықтың алдын алу мен оны болдырмау жолдары тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жемқорлыққа қарсы насихаттау жүргізіледі. Осынау іс-шаралар Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге септігін тигізетіні сөзсіз, — деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Шомпиев.
Велошеру соңы орталық стадиондағы спорттық жарыстарға ұласты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*