Халықтың билік өкілдеріне деген сенімі артады

Оңтүстік Қазақстан облысында «Десант» ведомствоаралық тобы Арыс ауданындағы құқық қорғау органдарының жұмысын тексеруде. Облыстық прокуратураның басшылығымен құрылған топта қадағалаушы және  ішкі істер органдары, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік қызмет агенттігінің қызметкерлері де бар .

Ведомствоаралық топтың ауданға барудағы мақсаты — жергілікті мемлекеттік органдар мен қылмысты қудалау органдарына «халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсету» сұрағы бойынша тәжірибелік көмек көрсету болып табылады. Сондай-ақ кездескен кемшіліктер мен мәселелерден шығу жолының тетіктерін іздестіру.

Топ мүшелері жұмыс барысында құқық қорғау органдары жұмысының сапасына талдау жүргізіп, созбалаңдыққа салынған қылмыстық істерді  зерттеп жатыр. Бір апта бойында әрбір іс бойынша түпкілікті шешім қабылдауға шаралар қолданатын болады. Осылайша құзырлы орган өкілдері бірлесіп, қылмыстық істердің созбалаңдыққа салынуын болдырмауға күш салмақ. Әрі қылмыстық процеске қатысушылар тарапынан шағымдар азайып,  халықтың билік өкілдеріне деген сенімі артады деген ойда. 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*