Арыста жемқорлықпен күрес жөнінде келелі кеңес өтті

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында: Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.
Осы орайда, бүгін қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қала тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, ой-пікірлерімен бөлісу мақсатында «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында мәжіліс өтті.
Мәжіліске облыстық мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығының лекторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісінің иегері Г.Құмалақова, аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Н.Қосбаев, аудандық сот төрағасы А.Ертаев, қала әкімінің аппарат басшысы Т.Анашбеков, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*