«Мен қазақпын» мега жобасының көне Түркістан қаласында түсірілімі өтті

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының бастамасымен қазақтың төл өнерін ұлықтауға арналған «Мен қазақпын» телевизиялық Мега жобасының арнайы өкілдері Киелі Түркістан қаласына ат басын бұрды. Жобаның мақсаты -еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз — күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Аталған жоба аясында жобаның арнайы түсіру тобы қаланың тарихи — мәдени ескерткіштері мен мұражайларын, Ұлы Жібек жолы бойындағы көне көш керуені көрінісінің түсірілім жұмыстары жүргізіді. Сонымен қатар, мегажобаның түсірілім тобы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музейіне қарасты ежелгі Ортағасырлық Түркістан көшесінде түсіру жұмыстарын жүргізді. Қорған үстінде сарбаздарды сомдаған музей қызметкерлері орналасқан.

Театрландырылған қойылымдағы керуен шеруі көш секілді Ортағасырлық көше бойымен өтіп жатты. Халық бас қосатын көне базар алаңы жат-жұрттық саудагерлер де, қолөнер шеберлері де осында. Тарихтың қойнауында қалған жәрмеңке көне қала көріністері арқылы жанданып бүгінге жеткендей әсер қалдырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*