ЕҚЫҰ өкілдері Түркістанда болды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен бастаған топ Түркістан қаласында болды.
Онда қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне аялдады. Меймандарды қала әкімі Әліпбек Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және өңірдегі бір топ сала басшылары қарсы алды. Еліміздегі тарихи мекеннің негізі кесенені аралап көрген ұйым өкілдері барша қазақстандықтарға оның ішінде оңтүстік жұртына шынайы ризашылығын білдіре кеткенін айта кеткен жөн. Сонымен бірге, қала басшысы қонақтарға аймақтың тынысы жөнінде сөз етіп, туризм саласын дамыту барысында өңірдің мүмкіндіктері мол екендігін атап өтті. Және де сапар мақсатына орай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым екендігіне тоқталып өтті. Бүгінде 56 мемлекеттің басын қосып отырған ұйымға қатысушы мемлекеттерді ортақ құндылықтар мен мақсаттар біріктіретіндігі жөнінде өз ойын білдірді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*