Түркістанда түркі әлемінің қаламгерлері бас қосты

  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы»  жобасының аясында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымына мүше елдер ақын-жазушыларының кездесуі және кітап көрмесі Түркістан қаласында тарихи-мәдени этнографиялық орталықта өтті.     Ақын-жазушылар кездесуінің мақсаты — түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасын нығайту, бауырлас елдердің ақын-жазушыларының шығармашылық байланысын дамыту, түркітілдес елдердің, оның ішінде қазақ әдебиетін насихаттау және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында пікір алмасу болып табылады.

Осы орайда ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы қатысып, кітап көрмесімен танысты.
Басқосу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында әлемді толғандырған заманауи мәселелер, барша адамзатқа ортақ рухани құндылықтар жөнінде де келелі ойлар қозғалды.

Бауырлас елдерге ортақ айтулы жиында Түркі дүниесіне еңбегі сіңген бір топ қаламгерлер ТҮРКСОЙ Халықаралық  ұйымының атынан марапатталды.
Ақын-жазушылар кездесуіне Түркия, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан, Қазақстанның Астана, Алматы қалаларының және өңіріміздің көрнекті қаламгерлері қатысты.


Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы Қолөнер орталығында Түркі әлемі фотосуретшілерінің үздік туындыларынан туратын көрме жасақтары тамашаланды.
Түркі әлемінің қаламгерлері облыстағы қала, аудан тұрғындарымен кездесуі жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*