Түркістандық кәсіпкер 500 тонна кондитерлік өнім шығарған

Түркістан қаласындағы «Ақ жол» ЖШС-нің басқарушы компаниясы осы жылдың сегіз айында 839 млн теңге болатын нан, кондитерлік өнімдер мен шұжық өнімдерін шығарды. Ал, өткен жылы 288 млн теңгеге өнім өндірілген. Компания шағын және орта бизнеспен жаппай кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді әсеріне мысал бола алады. Жылына 450 млн. теңгенің өнімін өндіруге қауқарлы кәсіпорын нан, кондитерлік өнімдер мен шұжық өнімдерін шығарады. Серіктестік тәулігіне 10-12 тонна ұн өнімін өндіреді.

Наубайханада сапалы әрі таңдаулы нан өнімдерінің 30 түрі пісіріледі. Мұнда күндігіне 30 мың нан пісіріліп, қаладағы сауда орындарына таратылады. Нан – әрқашан да тұтынушылар сұранысына ие болатын өнім болғандықтан наубайхана демалыссыз жұмыс істейді. Мәселен, мұнда еңбек ететін 120 адам өткен жылы 1638 тонна нан, 490 тонна кондитерлік сапалы өнім шығарған. Ал тәулігіне 10-15 бас мал сойылатын цехта шұжықтың 8 түрі жасалады. Яғни, мұнда айына 30 тонна, ал жылына 300 тоннадан астам дайын өнім шығарылады. Шұжыққа қосылатын арнайы қоспалар Түркия мен Австриядан әкелінеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*