Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында биылғы жылы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осының бірі құс етін өндіретін «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. 20 мүшенің басын қосатын ауылшаруашылығы кооперативіне біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Жыл аяғына дейін іске қосылатын нысанда жылына 200 тоннаға дейін құс еті өндірілетін болады. Бүгінде кәсіпорын ғимаратына жаңа құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда.Су жаңа құрал-жабдық толықтай автоматтандырылған. 2,5 гектарды алып жатқан құс фермасының қазір инфрақұрылымы жасақталуда. Шаруалардың кооперативке бірігуінің арқасында мұны сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Кооператив төрайымының айтуынша, өткізген еттің әр келісіне 80 теңгеден, ал жемге 20 теңгеден субсидия алатын болады. Жоба толықтай іске қосылғанда жылына 200 тоннаға жуық құс етін өндіреміз деп отырған шаруалар тауарларын «Шымкент құс» кәсіпорнына өткізеді. Жылына 6 анайналымда жұмыс істейтін құс фермасы құстарды 35-40 күн бағатын болады.Салаға жауаптылар бүгінде облыста 2,5 миллионға жуыс құс өсіріледі деп отыр. Оның 50 пайызы жеке және қосалқы шаруашылықтардың еншісінде. Оңтүстік өңірі өз-өзін құс етімен 70 пайыз, ал жұмыртқамен 75 пайыз қамтуға қауқарлы екен. Сондықтан біріккен кәсіпорындар алдында құс шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсаты тұр. Құс фермасын салып жатқан кәсіпкерлер құрал-жабдықтар сатып алу үшін және айналым қорына (жем, шөп сатып алуға) қажетті қаржыны ҚР Үкіметінің бекіткен бағдарламалары аясында жеңілдетілген несие алу арқылы іске асыруда. Атап айтсақ, 14 кәсіпкер тиісті құжаттарын «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО ЖШС арқылы өткізіп, қондырғыларын «ҒOPRO» фирмасынан «Лизинг» бойынша алады. Ал 6 кәсіпкер қондырғыларын «ҚазҚұс-Батареясы» ЖШС-нен алу үшін келісім шарт жасауда.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 2 есеге ұлғайған
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ауылшаруашылығының драйверіне айналмақ. Бұған өңірдегі бүгінгі жағдай мүмкіндік береді. Осы бағытта Серік Тұрбеков басқаратын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жұмыс жүргізіп жатыр.Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің аграрлық саласына […]
Астанаға оңтүстікқазақстандық қолөнер шеберлері 1500-ден астам құнды жәдігерлерін алып келді
Астана қаласындағы этноауылда Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің шеңберінде өңір қолөнершілерінің құнды шығармаларынан жасақталған «Құтты өлке қолөнері» атты көрме өтуде.ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізіліп отырған мәдениет күндерінде облыстың қолөнершілері тоқыма, сырмақ сыру, кесте тігу, әшекей […]
ОҚО-да мейіргерлердің көмегімен ана өлімі 47 пайызға азайды
12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шарада құрмет көрсетіліп, еселі еңбектеріне алғыс білдірілген орта буын медицина қызметкерлерінің өздері де денсаулық сақтау саласында еңбек еткен ардагер апаларына ризашылықтарын білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Опера және […]
Пікір қалдыру