Түркістанда тауық өсіру ісі қолға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түркістан қаласына қарасты Оранғай ауылындағы Әріпжан Сыздықовтың «Яссы құс» шаруа қожалығына барды. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығы негізінен тауық еті мен жұмыртқа өндіреді. Жобаның бірінші кезеңі 2016 жылы іске қосылып, 12 мың бас етті бағыттағы және 22 мың бас жұмыртқа бағыттағы тауық өсірілуде. 2016 жылы жалпы 4,4 миллион дана жұмыртқа өндіріліп, қала бойынша өндірілетін жұмыртқаның 30,4 пайызын құрады. Жобаның  екінші кезеңі 2017 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Жобаның құны 312 млн теңгені құрап, қосымша 22 мың жұмыртқа бағыттағы тауық өсіріліп, жыл соңына дейін 90 тонна тауық еті және 10,8 млн. дана жұмыртқа өндірілмек. «Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Десек те, кәсіпкерлік нысандардың қатарын арттырып, жұмыссыздықты азайту мәселелері назардан тыс қалмауы тиіс. Аудан басшыларының жұмысы сонда ғана нәтижелі болады», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Егер жоба толық іске асырылса, фабрика өнімдері Түркістан қаласына сырттан келетін тауық еттерінің орнын алмастырмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*