ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Түркістан қалалық мәслихатының депуттатарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиев Түркістан қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Басқосуда мәжіліс депутаты Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйіне тоқталып бір сессия көлемінде 111 заң жобасының түскенін жеткізді. Сонымен бірге, Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттер жөнінде ойларын ортаға салғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс жасау қажеттігін атап өтті. Жиын барысында қалалық мәслихат депутаттары тарапынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиевке ұсыныс пікірлер айтылды. Киелі шаһардағы көкейкесті ортақ мәселелер де сөз болды.Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиев  Түркістан қаласында жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағын ауданының құрылыс жұмыстарымен танысып, атқарылған жұмыстарға өз бағасын берді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*