Түркістан қаласында жаңа шағын аудан бой көтеріп жатыр

Түркістан қаласын дамыту мақсатында соңғы жылдары кешенді жобалар қолға алынып келеді. Соның ішінде өңірдегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында 30 мыңнан астам тұрғын үй мен жер теліміне деген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаланың шығыс бөлігінен «Отырар» ықшам ауданының бой көтеріп келе жатқандығы белгілі. Қазіргі таңда мұнда 8 үйдің құрылысы жүргізілуде. Тамыз айындақұрылысын аяқтау жоспарланып отырған осы нысандағы жұмыстардың барысымен танысқан қала әкімі Әліпбек Өсербаев көп ұзамай мұнда жаңа қала қалыптасатынын жеткізді. Атап айтсақ, атқарылып жатқан жұмыстардың мейлінше сапалы жүргізілуіне басымдық берген шаһар басшысы өз сөзінде әр қайсысы 60 пәтерлік 8 үйден бөлек биыл тағы да 6 үйдің құрылысы жүргізілетінін жеткізді. Сонымен бірге, келер жылы жоспардағы 20 көпқабатты тұрғын үй салынса, одан бөлек 150 коттедж бой түзейді. Мұнда қоныстанған отбасылардың балалары үшін қазіргі күнде балабақша, мектеп мәселесі туындап отырғанын сөз еткен қала әкімі Ә.Өсербаев мәселенің түйінін мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында шешуді көздеп отырғанын байқатты. Осы бағытта таяу күндері «Отырар» ықшам ауданынан 280 орындық балабақша құрылысы басталады деп күтілуде.Ал келер жылы жаңа мектеп ғимаратын салу жоспарланып отыр. Бұл құрылыстардан басқа жаңа ауданда 200 орындық балаларға арналған психологиялық-түзету орталығы бой көтеруде. Айта кетерлігі, қаланың әкімшілік іскерлік орталығы да осы шығыс бөліктен бой түзейтін болады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*