Мақтааралды Шымкентпен байланыстыратын жол 80 шақырымға қысқарды

Мақтааралдықтардың Ташкентке қатынас жолы — халықаралық М-39 автомобиль жолы Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы Өзбекстанға өтеді. Жолдың Мақтаарал ауданы арқылы өтетін ұзындығы 24,1 шақырымды құрайды. Аталған жол ашылып, пайдалануға берілгенде 350 мың халқы бар Мақтаарал ауданы тұрғындарының қатынас жолы 80 шақырымға қысқарып, жол жүру уақытын үнемдейді. Сондай-ақ, Өзбекстан тұрғындары үшін Ташкент қаласынан Жизақ арқылы Самарқандқа өту үшін төтесінен жүруге мүмкіндік беріп, жол 55 шақырымға қысқарды.  Ал, «Сырдарья» шекара бекеті тәулігіне 5 мың адам мен 200 автокөлік  өткізуге мүмкіндігі бар. Қазақстан экспортының Өзбекстандағы негізгі бағыттары мұнай және мұнай өнімдері, ұн-жарма өнеркәсібі өнімдері, дәнді-дақылдар, қара және түсті металлдар, цемент, трансформаторлар, биорганикалық химия өнімдері, азық-түлік тауарлары болып табылады. Өз кезегінде Өзбекстаннан Қазақстанға бау-бақша өнімдері, мақта талшықтары, текстиль және дайын тігін өнімдері,тыңайтқыштар, механикалық құрылғылар, пластмасса, ағаш, гипс және матадан дайындалған бұйымдар импортталады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы халық ең тығыз қоныстанған аймақ атануымен ерекшеленеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен арадағы сыртқы сауда айналымы 1,5 млрд. АҚШ долларын құраған болса, оның 30% (532,4 млн.АҚШ доллар) астамы Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*