ОҚО-да «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен өткізу бекеті ашылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды.  Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен ҚР Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев қатысты.Өңір басшысы қос мемлекет жұртшылығын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, Өзбекстан мен Қазақстан Республикалары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи қатынастарды жандандырып, туысқан екі ел арасында мәңгілік алтын көпір болатынына сенім білдірді.«2006 жылы жабылған осы жолдың қайта ашылуына екі ел Президенттерінің келісімі нәтижесінде қол жеткізілді.  Жыл басынан бері екі ел арасындағы экономикалық ахуал жандана түсті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзеевтің жаңа бастамалармен тығыз байланысты күшейтуі аймақтардың дамуына зор серпіліс әкелді. Екі ел жетекшілерінің Астана қаласы мен Сарыағаштағы кездесулері, елордадағы Өзбекстан бизнес-форумы, мамыр айында Шымкент қаласында өткен Ташкент қаласы тауар өндірушілерінін жәрмеңкесі соның нақты айғағы»,- деді Ж. Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*