ОҚО-да мүгедектерді оңалту шараларына 9,2 миллиард теңге қаралған

Оңтүстікте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектік алуының себептерінің басым бөлігі жүрек қан-тамыры, психикалық ауытқулар мен жарақат алу салдарынан орын алып отыр.  Биылғы жылы барлық бюджеттер есебінен 9,2 млрд. теңге қаралып, оңалту шараларына 91 пайызы яғни мұқтаж мүгедектер 67 мыңға жуығы техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған.  Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғайған.«Статистикалық мәліметтерге қарап отырсақ, облысымызда мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарының өсуі байқалады. Сондықтан бұл үдерістің алдын алу шараларын күшейту қажет. Сондай-ақ аудан, қала әкімдері, сала басшылары терең талдау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту, олардың  әлеуметтік көмектермен  дер кезінде қамтамасыз етілуі әрдайым қадағалауда болғаны жөн», -деді Ж. Түймебаев.

Облысымызда көлік инфрақұрылымы обьектілерінде қолжетімді орта құру  мақсатында 104 арнайы жол белгілері, 29 арнайы көрсеткіш, 107 жаяу жүргіншілер белгілері, 87 көшеге арнайы бағдаршам орнатылған. 17 инва, 33 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Дегенмен бұл облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санымен салыстырғанда жеткіліксіз. Осы жәйттарға тоқталған облыс әкімі алдағы уақытта сала мамандарынан арнайы ұсыныстар мен талдау жұмыстарын күтетіндігін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*