ОҚО-да «Еркіндігім-Елдігім» республикалық əн байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «ЕРКІНДІГІМ – ЕЛДІГІМ» республикалық ән байқауының жеңімпаздары анықталды. Үш кезеңнен тұратын байқаудың шарттары мен талаптарына сәйкес 18-35 жас аралығындағы жеке әншілер немесе топтық қатысушылар өз таңдауы бойынша азаматтық-патриоттық, балалар әндері, махаббат лирикасы, романс сынды түрлі жанрдағы тек автордың өз әндерін фольклорлық немесе эстрадалық бағытта табиғи дауыста орындап шықса, оеспубликалық байқауға қатысуға еліміздің Алматы, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларынан 45 үміткер өтініш білдіріп, 18 үміткер екінші кезеңге жолдама алған болатын.
Осы орайда, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Шымкент қаласынан Бөріханов Өсербай лайық деп танылып, 500 000 теңге сыйақы табысталды. Жүлделі бірінші орынды Атырау облысынан келген Әмірғалиев Асхатқа (300 000 теңге) еншілесе, екінші орын Семей қаласының күміс көмей əншісі Аукенова Алия жəне шымкенттік «Сарын» тобына (200 000 теңге) берілді. Жүлделі үшінші орынды Қызылорда облысының əншісі Маханбетжанова Арайлым, Оңтүстік Қазақстан облысынан Бертаев Жеңіс жəне Тәжі Айгерім (150 000 теңге) иеленді.Сонымен қатар, «Ғажайып танго» арнайы жүлдесімен Атырау облысынан «Тұран» триосы, «Айналдым» арнайы жүлдесімен Оңтүстік Қазақстан облысынан Темірбаев Ержан, «Сағыныш сазы» арнайы жүлдесімен Алматы облысынан Бердібай Қайыржан,«Ананы аңсау» арнайы жүлдесімен Оңтүстік Қазақстан облысынан Бейсенова Мархабат марапатталып, 75 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған байқаудың мақсаты — сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттау, дәріптеу, оның әндері арқылы елдің рухын биіктетіп, қазақ эстрадасының дарын иелерін анықтау және олардың орындау шеберліктерін арттыра отырып, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету болатын.
160-тан аса әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерін эстрада əлеміне бойлатқан Исраил Сапарбайдың «Сағыныш сазы», «Егіз лебіз» «Шымкентім шырайлым»,»Ностальгия» сынды көптеген əндері елдің жаттанды жырына айналған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*