Оңтүстікқазақстандықтар ақын, сазгер Исрайл Сапарбайдың 75 жылдығына байқау өткізіп, шапан жапты

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру  «ЕРКІНДІГІМ – ЕЛДІГІМ» республикалық ән байқауында облыс əкімінің орынбасары Сəдібеков Ұласбек Сəдібекұлы ақын-сазгер, драматург И.Сапарбайды 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, облыс басшысы Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының да ыстық лебізін жеткізіп, шапан жапты.

Байқаудың құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Ұйымдастырушылар — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы.
Елдің түкпір-түкпірінен жиылған əншілерге композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Дүйсекеев Кеңес Дүйсекеұлы, әнші, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағалиев Сембек Қадірұлы, әнші, ҚР Мәдениет қайраткерлері Ахмұханова Айжан Рахымғалиқызы, Сейілбекова Үралхан Каналбайқызы, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының редакторы Атабек Мұхтар Орынтайұлы қазылық жасап, өз бағасын берді.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау шарасы эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концертке ұласты.
Дарынды композитор əндері шырқалған гала-концертке ҚР еңбек сіңірген артисі Сембек Жұмағалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Әбиірбек Тіналиев және Шахизада Байпатшанова, қазақ эстрадасының әншісі Таңат Мамырхан және Оңтүстік Қазақстан облысының өнер майталмандары қатысып, өнер думанын асқақтатты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*