Мақтаарлдықтар ақын Исрайл Сапарбайдың 75 жылдығын атап өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының және Мақтарал аудандарының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 жасқа толу мерейтойы аясында Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында ақынның «Тәңірінің құлдары» поэтикалық драмасының премьерасы қойылды.Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов пен аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Жайлымшиевтерге сөз берілді. Олар өз сөздерінде, ақынның 75 жылдық мерей тойымен құттықтап, қойылымның өте сәтті шыққанын тілге тиек етіп, алда әлі алар асуларыңыз көп болсын деп, ықылас гүлдерін ұсынып, шапан жапты. Театр ұжымы да ақынның иығына шапан жауып, өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, сахнаға суырылып шыққан Айжамал Қоңырбаева қойылымның тәрбиелік маңызына тоқталып, мұндай шығармалардың қазіргі таңда алар орны мен рөлін, Гүлданадай қыздарымыздың ары бәрінен қымбат екенін айтты. Соңынан ақынға сөз беріліп, И.Сапарбай өз сөзінде, бұл қойылымды жазудағы мақсатын ашып айтты. Яғни, қазіргі қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерге жан ауырта жүріп, оны ақындық електен өткізіп, халыққа қайта көрсетудің үлкен жұмыс екенін ұқтырғандай болды. Жалпы, кештің тағылымдық мәні мен эстетикалық әсері өте жоғары деңгейде болғанын көрмендер де тілге тиек етуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*