Өзбекстан «Достық» каналының суын, прпорционалды түрде бөлісуге келісті

Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері Өзбекстанмен су мәселесі жөнінде келісім жүргізген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев «Достық» каналының суын пропорционалды түрде бөлісуге келіскенін айтып отыр. Яғни, дәл осы канал арқылы көрші ағайындардың 112 мың гектары, мақтааралдықтардың 136 мың гектары су ішеді. Төрағаның айтуынша, бұған дейін өзбек тарапы өздерінің гидробекеттеріне жібермейтін. Қазіргі келісім бойынша көршілес әріптестермен өздерінің бекеттеріне тексеру үшін, қадағалау үшін жіберетін деңгейдегі уағдаластыққа қол жеткізілген.Сонымен қатар, былтыр Мақтаарал ауданының 50 мың гектары су тапшылығын көрген. Оның кесірінен 40 мың тоннадан астам ақ алтынды диқандар ала алмай қалған. Ал биыл бұл мәселе мүлде болған жоқ.

«Судан ешқандай мәселе болған жоқ. Мақтамыз толықтай бірінші суын ішіп бітті. Енді екінші суды ашып жатырмыз» — дейді 120 гектар алқапқа мақта дақылын еккен шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Арызқұлов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*