Қазығұртта жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айда 33 миллиардтан асқан

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 28,5% артып, 91 млрд. теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Ал, осы жылдың алты  айында жалпы өңірлік өнім көлемі 33,2 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлім етті.«2017 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 105 % құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді. »,- деді аудан әкіміжалпы өңірлік өнім көлемі.

Сондай-ақ, Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 6,1 млрд. теңгеге  яғни,  нақты көлем индексін 103,5 % жеткізу көзделуде екенін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*