«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның бастамасымен Қазығұртта 2018 жылы «Интенсивті бақтар» агропаркі қолға алынбақ

«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы бірнеше жобасын Қазығұрт ауданында жүзеге асырып отыр. Мәселен, солардың бірі 209 га аймаққа орналасатын «Интенсивті бақтар» агропаркі.  «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ бастамашы болып табылатын жобаны қолға алу 2018 жылға жоспарланған. Жалпы құны 11,8 млн. АҚШ долларын құрайтын «Интенсивті бақтар» жобасы толық қуаттылықта жұмыс істегенде жылына 10,4 мың тонна өнім береді деп күтілуде.         Сонымен бірге, әкімшілік-іскерлік орталығының маңынан мемлекеттік бағдарлама аясында 8 қабатты тұрғын үй мен «Shymkent Towers» атты бизнес орталығы бар тұрғын үй кешенін салу көзделуде. Ал өңірдегі электр қуатына деген тапшылық аймақта жалпы құны 44,1 млрд. теңге болатын 17 суэлектрстанциясы салынғанда түбегейлі шешіліп, стансалар 73,2 МВт электр қуатына дейін өндіріп тұрмақ.«Smart Ontustik» жобасын жүзеге асыру аясында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Оны іске асыру ісі үш кезеңмен жүргізілуде: бірінші кезең әкімнің ахуалдық орталығын құру (ӘАО) болса, екінші кезеңде «Smart Ontustik» жобасының кеңсесі құрылып, одан соң, транспорт, білім, энергетика, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және халықтың қауіпсіздігі салаларында жоспарлар іске асырыла бастайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*