«Шымкент» ӘКК соңғы үш жылдағы үздік жетістікке жетті

Таяуда «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы 2017 жылғы жарты жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығарды. Атап айтқанда, осы жылдың 6 айында компанияның табысы 83,1 млн. теңге болған. Айта кету керек, осынау оңды нәтиже соңғы үш жылда алғаш рет тіркеліп отыр.Мұндай жетістіктерге жетуде бүгінгі таңда компания ішінде түбегейлі өзгерістердің орын алуы басты себептердің бірі болуда.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, корпорация бүгінгі таңда үш кезеңді — реинжиниринг, қайта құрылымдау және қайта құру өзгерістерінен өтуде. Осынау шаралардың аясында кешенді оңтайландыру жүйесін іске асыруды жалпы талапқа сай ұйымдастыру, басқаруды жақсартудың даму стратегиясын құру, қызмет етудің барлық аспектілерін дамыту сынды жұмыстарды атқару көзделген. Өз кезегінде, бұл іске асырылып жатқан және болашақта жүзеге асырылатын жобаларды атқару үшін қаржы іздеуде және активтерді көбейтуде оңды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, компания жер қойнауын пайдалану, ақпараттық технология, энергетика, құрылыс және агроөнеркәсіп кешені салаларын мейлінше ыңғайлы жағдайларда қаржыландыруда бірлескен инвестжобаларды құру мен іске асыруға шақырады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*