Оңтүстікте инновациялық әдіспен шағын су электр станциялары салынады

Астанада өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталар тұста «Шымкент» ӘКК мен «Росатом Орталық Азия» аймақтық орталығы өзара ынтымақтастық пен әріптестік келісіміне қол қойды. Оның мақсаты — Оңтүстік Қазақстан облысында шағын су электр станциясы мен басқа да баламалы энергия саласын дамыту, сондай-ақ, табиғат қорын тиімді пайдалану мен сақтау болып табылады. Құжатқа «Шымкент» ӘКК басқарма төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров пен «Росатом Орталық Азия» бас директоры Виталий Драгунов қол қойды.Қос тарап Оңтүстіктің таулы аймақтарында қуаттылығы 2МВт-қа дейінгі, контейнер типтес шағын су станцияларын салудың инновациялық пилоттық жобасын бірге құрмақ. Келісілген әріптестік бойынша осы жылдың қыркүйек айының өзінде мамандар станцияларды салуға және су жинау құрылғысы мен контейнерлерді орнатуға қолайлы орындарды анықтау үшін алғашқы техникалық іс-сапармен келеді деп жоспарлануда.

Контейнердегі шағын СЭС шығарумен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының «Атомэнергомаш» компаниясының құрамына кіретін Венгрияның Ganz Engineering and Energetics Machinery llc. (Ganz EEM) компаниясы айналысады. Шағын СЭС-терді тұрғындары электр желісіне қосылмаған аймақтарда қолдануға болады. Шағын СЭС турбинасы және басқару тетігі бар контейнерлер жеткізілген соң бір айдан кейін 1МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Айта кетейік, шағын СЭС қашықтықтан, спутникалық байланыс арқылы басқарылады. Қазір шағын СЭС-терді өзге елдерге экспорттау бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*