ОҚО әкімдігі баламалы энергияны өндіруде түрлі жобаларды жүзеге асырмақ

Оңтүстік Қазақстанның тау, өзендерінің мол әлеуетін ескерген тараптар алғашқы жоба аяқталған соң да әрі қарай бірге жұмыс істеп, ОҚО әкімдігінің қолдауымен шағын су энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мемлекеттің 100 пайыз қатысымен 2011 жылы құрылған. Компания іс-әрекетінің негізгі бағыты — тиімді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыстағы активтер мен ресурстар әлеуетін жүзеге асыру, облыс, республика, жақын және алыс шетел нарығын барынша жүзеге асыруға негізделген.

Ал «Росатом Орталық Азия» — «Росатомның» Орталық Азия аймағындағы өкілдігі. Кеңсе «Росатомның» әлемнің түрлі елдеріндегі халықаралық желісіне жатады. Аймақтық орталықтарды «Росатом халықаралық желісі» (РМС) компаниясы басқарады. РМС-тің негізгі тапсырмасы — мемлекеттік корпорацияның шетел нарығындағы іс-әрекетін қолдау, жаңа бизнес-мүмкіндіктерді іздеу, Ресей атом саласының өнімдері мен қызметін жаһандық нарықта ұсыну, тиімді бизнес-альянс құруда көмек көрсету, «Росатом» кәсіпорындарын маркетинг және ақпараттық қолдау болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*