Мақтааралда жаңа әліпбиге қызығушылық жоғары

Елбасымыз Н.Назарбаевтың осы жылғы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осыған байланысты аудан әкімдігінде тілтанушылар, түрлі сала басшылары мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысқан басқосу өтті. Жиында аудан әкімі Ғ.Исмаилов барша мақтааралдықтарды қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшуімен құттықтады. «Елбасымыздың латын әліпбиіне қатысты Жарлығы – еліміздегі ең елеулі оқиғалардың бірі. Мұндай әліпбиді қазір әлем елдерінің 90 пайызы пайдаланады», — деді аудан әкімі. Жиын барысында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы П.Есенбеков, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Абенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Исаев, тәжік этно-мәдени орталығының төрағасы Ж.Сұлтанов, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Қарсыбаевалар баяндама жасап, жаңа әліпбидің бекітілуі – халқымыздың рухани жаңғыруына бастайтын батыл қадам екендігін жеткізді.
-Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар?! Латын әліпбиіне көшу – тіліміздің табиғи қалпын сақтап, қазақ тілінің компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне енуіне жол ашылмақ. Еліміздің жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуі және шетелдегі қазақтармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты нығайту үшін де тиімді. Демек, заман мен уақыттың өзгеруіне, тарихтың талабына қарай ұрпақ болашағы үшін Елбасы дұрыс шешім қабылдады, — деді өз сөзінде «Сырдария» университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Л.Абенова. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*