Мақтааралда пайдаланылмай жатқа 103 гектар жер мемлекетке қайтарылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары бұған дейін ауданда кәсіпкерлік мақсаттағы 38 жер пайдаланушының 23,7 гектары пайдаланылмай жатқанын атап өтті. ҚР-ның жер кодексін бұза отырып пайдаланып жатқан 13 жер учаскесіне 861 мың теңге айыппұл салынып, жер заңнамасын бұзу туралы нұсқаулық берілген. Одан басқа 2016 жылы кәсіпкерлік мақсатқа беріліп, пайдаланбай жатқан 38 жер учаскесі анықталып, оларға да шара көрілген.«2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы аудан бойынша 392 агроқұрылымдардың иелігіндегі 1807 гектар жер нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталып, шара көру үшін облыстық жер инспекциясы басқармасына құжаттар жолданған. Аудан әкімдігі тарапынан бүгінгі күнге пайдаланылмай жатқан 103 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал, 1065,6 гектар жері облыстық жер инспекциясының қарауына берілген. Ал, қалған 638,4 гектар жердің мәселесі нақтыланбаған», — деді Е.Тілеген.Жалпы, жиында жер мамандары көптеген сұрақтарға жауаптар алып, жер мәселесіне қатысты жұмыстарды бұдан да жоғары деңгейде жандандыру керектігі айтылды. Әсіресе, мемлекеттің алтын қоры саналатын суармалы жердің 30 пайызы Мақтааралда екендігі және бос жатқан суармалы жерлердің мәселесін тез арада шешу керектігіне ерекше назар аударылды. Облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр халқы өте тығыз орналасқан Мақтарал ауданында бір қарыс жер бос жатпау керектігін ескертті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*