Мақтааралда жерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті

Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов және ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты — жер мәселесіне қатысты салада атқарылып жатқан жұмыстарды талдау екенін айта кеткен жөн.    Облыстағы жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресуртарын тиімді басқаруға бағытталған жер реформасын түсіндіру бойынша облыстық жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады. Оның айтуынша, Мақтаарал ауданының жер қоры 185,4 мың гектарды құрайды. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 145,7 мың гектарға жетсе, оның ішінде егістік жер 140,1 мың, (барлығы суармалы жерлер), тыңайған жер 1,8 мың, жайлымдық жерлер 3 мың, көп жылдық екпелер 0,8 мың гектарға пара-пар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*