Мақтааралда ашылған әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығында психолог, теолог, заңгерлер қызмет етеді

Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығында 6 маман жұмыс жасайды. Олардың қатарында психолог, теолог, заңгерлер бар.

«Бүгін ауданымыздағы алғашқы әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығын ашып отырмыз. Бұл бастаманың басты мақсаты — отбасында болатын зорлық-зомбылық пен түрлі жанжалдарға тосқауыл қою және отбасы бірлігін сақтап қалу. Мұндай орталықтар басқа аудандарда да ашылып, қызмет жасап жатыр. Болашақта профилактикалық жұмыстар жүргізуде бұл орталықтар негізгі үйлестіруші орган бола алады» — деді Мақтаарал ауданның прокуроры міндетін атқарушы А.Досаев.

Айта кетейік, әйелдерге қатысты кемсітуді жою мақсатында 2009 жылы 4 желтоқсанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Бұл заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және ҚР азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. Қазақстан Республикасы 1998 жылы 29 маусымда әйелдерге байланысты кемсітудің барлық түрін жою жөнінде БҰҰ конвенциясына қосылып, «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияларды бекіткен болатын.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*