ОҚО-да Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысы талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысын талқылау мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы профессор Тұрсын Жұртбай, филология ғылымдарының докторы профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Амантай Шәріп, Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Ризабек Кемеңгер, ақын, қаламгер Серік Сейтман, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  мүше-корреспонденті филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті,  филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер қатысты.Сонымен қатар, мәжілісте сөз алған өңірлік Жобалық кеңсенің басшысы Бақытжан Әшірбеков Елбасы бағдарламасының Оңтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жөнінде баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*