Арабтар ОҚО-да қант зауытын салуды ұсынды

Біріккен Араб Әмірлігі Оңтүстік Қазақстан облысында қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Арабтар бұл жөнінде біздің тарапқа ұсыныс та тастаған екен. Бұл жөнінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының  Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мәлім етті.Біріккен Араб Әмірлігі  осылайша екі ел арасындағы сауда-экономикалық  ынтымақтастықты арттырғысы келеді екен.

«Бүгінде екі ел арасындағы инвестициялық тартымдылық жоғары деңгейде. Осыны ескере отырып, Біріккен Араб Әмірліктері Оңтүстік Қазақстан облысынан қант зауытын салу жөніндегі ұсынысы өз күшінде екенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ араб елі өзге де салаларда қарым-қатынасты нығайтуды жоспарлап отыр», — деді өкілетті елші Қайрат Лама Шариф.

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы  байланыс бұдан әрі нығая береді деген сенім мол. Бұл ретте бірлесе қолға алынып отырған жобаларды неғұрлым қысқа мерзімде іске асыру маңызды»,- деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*