Елордада «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі өтті

Елордасы – Астанада бүгіннен басталған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылғанын айта кеткен жөн. Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша келушілерге алғысын білдіре отырып, күнгейлік көрме арқылы өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндіктің мол екенін айтты.«Биыл біздің елімізде шын мәніндегі ғажайып оқиға — «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуде. Бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін, жаңа идеялар мен қызықты жобалардың нышаны, индустрияландыру символы болып табылатын халықаралық көрме. Ал бүгінгі тауарөндірушілер көрмесінің өткізілуі біз үшін өте маңызды оқиға. Мұнда өзіміздің жетістіктерімізді көрсетіп, көпшілікке танымал етуге, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік көп», — деді Жансейіт Қансейітұлы.«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне күнгейден жеткен тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 60-тан астам кәсіпорны қатысып жатыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*