Сайрамда балалар күніне орай «Бақытты балалық бал дәурен» мерекелік кеші ұйымдастырылды

Сайрам ауданында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Жібек жолы модельді ауыл кітапханасы мен Сиқым ауыл кітапханасы бірлесе отырып мүгедек, жетім, жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арнап «Бақытты балалық бал дәурен» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.Мәдени іс-шараға жергілікті Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі демеушілік көмек көрсеткенін айта кеткен абзал. Шара барысында жастар жағы «Имандылық инабаттың айнасы» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Денім сау болсын десең қимылда» флешмобын биледі.  Сонымен қатар, «Кітап — білім бұлағы» атты оқу марафондық жарысы да болды. Мұнан бөлек, балабақша бүлдіршіндері би билеп, ән салып өздерінің мерекелік бағдарламасын ұсыныды.Ал, балалардың мерекесіне орай жайылған дастарханға отырған соң, әжерелер ақ батасын беріп, жеткіншектерге бақытты болашақ тіледі. Сонымен қатар, бұл күні балалар мәре-сәре болып, ойнап-күлісіп мерекелік көңіл күйге бөленгенін айта кеткен жөн. Сөйтіп олар көтеріңкі көңілде мерекелік бағдарламаны ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып тарқасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*