Сайрамдағы сенбілік

Тазалық –денсаулық кепілі демекші, салауатты өмір салтын сақтайтын Сайрам ауданы, елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыру және санитарлық тазалығын ретке келтіру мақсатында тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда, тазалық адам денсаулығына тікелей әсер беретінін алға тартатын сайрамдықтар, адамның денсаулығы қоғамның бірінші байлығы дейді.Яғни, Сайрам ауданы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуге арнайы іс-шара түзіліп, жалпы аудандық сенбіліктер өте жиі өткізілетінін айта кеткен керек. Сонымен қатар, аталған сауапты іс-шараға жиналған қауым қажетті жұмыстарды ауызбіршілікпен атқарып, тұрғындар саялы Сайрам жерін таза ұстауға ат салысып отыр.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілген сенбілікке 20 техника жұмылдырылды. Сенбілік шеңберінде 70,1 тонна күл-қоқыс шығарылып, 28,3 шақырым аяқжолдары және көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтар тазаланғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ағаш бұталарын әктеп, қоршаулар мен үй сырттарын сырлау жұмыстарын жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*