«Еңбекші жастар спартакиадасында» Сайрамдық жастар жоғарғы нәтежиелерге қол жеткізді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданы, Леңгір қаласында 21 қыркүйек күні «Еңбекші жастар спартакиадасы» өткен болатын.Спартакиада да командалық спорттық ойындардың 4 түрінен (футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі) облыс жастары өзара кім мықтыны анықтаған еді.
Аталмыш спорттық іс-шарадан Сайрам ауданының сайыпқыран жастары да тыс қалмағанын айта кеткен жөн. Сайрамдық жастар, бұл спартакиада еңбекте епті адамның спортта да жолы жарқын боларын дәлелдеп берді. Бұл сөзімізге жастарымыздың спартакиада көрсеткен жоғарғы нәтежиелері дәлел бола алады.Өйткені, Сайрамдық жастар бұл жарыста өте жоғары нәтжиелерге қол жеткізіп, аудан намысын өз дәрежесінде қорғаай алғанын айта кеткен жөн.
Атап айтар болсақ:
• волейболдан бас жүлде;
• футболдан бірінші орын;
• баскетболдан екінші орын;
• үстел тенисінен үшінші орын иеленді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*