Сайрамда «Тәрбие отбасынан басталады» атты форум болып өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде Оңтүстік Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Қарабұлақ ауылдық округінде тұрғындар, қоғамдық ұйым мүшелер, жастардың қатысуымен «Тәрбие отбасынан басталады» атты Форум ұйымдастырылды.
Форум жұмысын аудан әкімі Бақтияр Мамаев ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, форум жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қоғамдық бірлестігі төрағасы Икамжон Хашимжанов, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, жұмыспен қамту және үйлестіру бөлімі, облыстық білім беру департаменті, облыстық діни зерттеу орталығы мамандары қатысқанын айта кеткен жөн.
Сөз алған Мұратәлі Қалмұратов, Икрамжон Хашимжановтар Елбасымыздың бағдарламалық мақаласын форум қатысушыларына насихаттап, жастар тәрбиесіндегі мәселелерді шешу жолдарын бірге атқаруға шақырды.
Айта кету керек ауыл тұрғындары және жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті мекемелер тарапынан жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүрнізілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*