ОҚО-да өткен «Қайырымдылық-қайырлы іс» форумы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өткізілді.Игі шараның басты мақсаты — жергілікті жомарт жандардың демеуімен ауыр науқасқа шалдыққан бүлдіршіндерге көмек қолын созу, игі бастамаларға жұртшылықты жұмылдыру арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту болатын.

Қайырымдылық шарасына облыс басшылығы, облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Форум барысында арнай жәшік қойылып, оған келіп түскен қаржыны бақылайтын арнайы комиссия құрылды. Комиссия төрағасы ОҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев болса, мүшелері болып облыстық»Қоғамдық келісім» МКМ директорының орынбасары Элмира Жанғазиева, денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Наушарман Боранбаева, ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің  төрайымы Роза Пак, ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық грузин этномәдени бірлестігінің  төрағасы Заал Бочоришвили сайланды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*