ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырған

Оңтүстік Қазақстан облысында педагог кадрларды қайта даярлауда орасан зор жұмыстар атқарылып келеді. Нақтырақ айтқанда, биылдың өзінде 17 мың педагог біліктілігін арттырған. Сондай-ақ, облыстағы 15 аудан бойынша құрамына 352 мұғалім енген мобильді топтар құрылып, жұмыс атқарылуда. Ал 2018 жылы 2500-дан астам мұғалімді ағылшын тілі курсынан өткізу жоспарланып отырғанын айта кету қажет.

Өз кезегінде сөз алған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова «Жаңартылған білім беру не үшін керек?» тақырыбында баяндама жасап, жаңа оқыту әдістемелерінің өзге де мектептерге енгізудің маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ, өңірдегі білім беру ұйымдарымен әріптестік танытатындығын айтты.

Басқосу соңында облыс әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында 2017-2019 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық орнату жөнінде меморандумға қол қойылды. Болашақта меморандум незінде аймақтағы мектеп мұғалімдері «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» озық педагогикалық тәжірибелерін меңгеретін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*