Арыста Тұңғыш Президент күні аталып өтілді

Тәуелсіздікке ие болған жиырма алты жыл ішінде Республика Президентінің жетекшілігімен ауқым¬ды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. 
Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. 
Міне, сондықтан да әлем¬нің саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһан¬дық, өңірлік бейбіт бастама¬лар¬дың авторы ретінде таниды.
Бүгін қаламыздағы мәдениет үйінде «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. 
Жиынға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, дін және зиялы қауым, этномәдени орталықтардың өкілдері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиында қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы қала халқын айтулы мерекемен құттықтап, Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.
300-ге жуық көрермендер қатысқан «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбында өткен салтанатты шарада мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер Арыс аспанын әнге бөледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*