ОҚО: Сайрамда 700 тоннадан астам сүт өнімдері өндірілді

Тамақ өнеркәсібі  ауданның тұрақты  экономикалық  дамуында аса маңызды орын алады.  Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады.Осыны ескерген Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017  жылдың қаңтар-шілде айларында  9559,4 млн. теңгеге тамақ өнімдері өндірілген.  Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  өсім 18,2 пайызды құраған. Салада табиғи түрде  725 тонна сүт өнімдері, 51596 тонна ұн,  60 тонна шұжық өнімдері мен  720,4 мың литр өзге де алкогольсіз сусындар өндірілген. 

Осындай тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорынның бірі сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіретін  2007 жылы іске қосылған «Компания Натур Продукт»  ЖШС-гі.  Кәсіпорын бүгінгі таңда  қарқынды даму үстінде. Өндірісте «Хан» сауда маркасымен  сүт өнімдері: айран, ірімшік, йогурт, құрт, сары май шығарылады. Серіктестік Ақбұлақ ауылында орналасқан. Тәулігіне  20  тонна сүт өңдеуге қауқарлы өндіріс орында 32 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 2016 жылдың қорытындысымен өндірісте 108,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп,  бюджетке 19,2 млн. теңге салық төлеген. Ал ағымдағы жылдың жеті айында 71 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*