Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Компания Натур Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдейтін құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Қосымша бес жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта өндірісті кеңейту мақсатында Ақсу ауылында тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін жаңа зауыт құрылысын жүргізуді жоспарлап отырғанын айта кету керек. Қазіргі таңда Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 9559,4 млн. теңгеге тамақ өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 18,2 пайызды құраған. Салада табиғи түрде 725 тонна сүт өнімдері, 51596 тонна ұн, 60 тонна шұжық өнімдері мен 720,4 мың литр өзге де алкогольсіз сусындар өндіріліп отырғанын айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» деген тақырыпта форум болып өтті
2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және […]
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 372 шақырымынан астамы ОҚО аумағынан өтеді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бас инженері Мыңжасаров Нұрболдың айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің облыс арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 372,5 шақырымды құрайды екен. Маман бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен бапсаөз брифингінде […]
Оңтүстікқазақстандықтар Астанадағы этноауылда 300 келі палау басты
Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Шара барысында Құрбан айт мерекесіне орай бір ірі қара мен екі қой құрбандыққа шалынып, 1 тонна […]
Пікір қалдыру