Оңтүстіктің жастары латын әліпбиіне көшуді қолдайды!

Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, түстіктің жастары латын әліпбиіне көшуді құп көретіндерін мәлімдеді.  Тіпті ол тіліміздің Кирилл әрпінен, латын қарпіне көшуінің 4 негізгі себебін айтып өтті.Елбасы Н.Әбішұлы  2025 жылдан бастап, латын әліпбиін қолданысқа енгізу керектігін айтты. Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз бар. Ол: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.

Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.

Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқымыз келеді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*