ОҚО-да журналистер спартакиадасы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында спорттық ойын түрлерінен спартакиада бастау алды. Спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы мен ҚР құрметті жүрналисті Байдулла Қонысбекұлы журналистерді алда кележатқан төл мерекесімен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.Жарыста түрлі редакциялардан құралған 13 команда, спорттың 11 түрінен өзара бақ сынамақ. Нақтырақа айтқанда, БАҚ өкілдері волейбол, 100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, жүзу, арқан тарту, шахмат, тоғызқұмалақ,  бильярд, шағын футбол, боулинг секілді спорт түрлерінен сайысқа түседі.Спартикиаданың алғашқы күнінде волейбол спортынан журналистер 3 топақ бөлініп кім мықтыны анықтады. Нәтежиесінде «Ернияз» медиа груп компаниясы мен «Ернұр пресс» баспа үйі, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының командалары финалдық кезеңге жолдама алды. Жарыс қортындысы бойынша, 1-орын   «Ернияз» медиа груп компаниясына бұйырса, 2- орынға «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының командасы тұрақтады. Ал, үздік үштікті «Ернұр пресс» баспа үйі қорытындылады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*