ОҢТҮСТІКТЕ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Оңтүстік қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Отырар»  кітапханасында қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған жүздесу өтті.

Кездесуге  М.Құлкенов, Е.Раушанов, Ж.Қорғасбек, А.Әлімұлы сынды белді қаламгерлер мен облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, «Достық» клубтарының мүшелері, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.Елбасы мақаласынан туындайтын негізгі міндеттер мен оны іске асыру жайы қаралған жиында қоғамдық сананы жаңғырту жайы жан-жақты сөз болды. Жиында қаламгерлер ескі сарқыншақтардан ең алдымен оңтүстіктің тазаруы керектігіне тоқталды. Оңтүстік – ұлтымыздың ұйытқысы, береке-бірліктің бастауынан түспеуі керектіне ерекше мән берген қонақтар жаңғырудың жақсы жақтары осы жерден басталуы заңды екенін ерекше жеткізді.Кездесуді ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов қорытып, облыстық ассамблеясы Елбасы мақаласы аясында атқарылатын игі іс-шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастыратынын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтың  қабылдауында болған қаламгерлер «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының «Ортақ шаңырақ» телағдарламасына құрметті қонақ ретінде қатысып, түстен кейін Созақ ауданына жол жүріп кетті

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*