ОҚО-да бірқатар басқармалардың басшылары ауыстырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес бірқатар басқармаларда ротациялау тәртібімен ауыс-түйіс орын алды.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бастар Әуелханұлы Есқараев 2017 жылғы 20 маусымнан бастап, атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, бірінші қол қою құқығымен Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы лауазымына ротациялау тәртібімен тағайындалды.Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралқызы Темірбаева 2017 жылғы 20 маусымнан бастап, атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, бірінші қол қою құқығымен Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына ротациялау тәртібімен тағайындалды.Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұхит Баймұханбетұлы Отаршиев 2017 жылғы 20 маусымнан бастап, атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, бірінші қол қою құқығымен Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына ротациялау тәртібімен тағайындалды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*