Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, өлкеміздегі елді мекендер 73 пайыз ауыз сумен қамтылған.Бұл жоғары көрсеткіш. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада 4-ші орында тұр екен. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары бұл көрсеткішті 10 пайызға өсіріп, 83 пайызға көтеруді көздеп отыр. Дәлірек айтқанда, облыстағы 844 елді мекеннің 701-і, ауыз сумен қамтылатын болады.«Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы тікелей эфир барысында әкімге жол құрылысына қатысты да сауалдар қойылды. Белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 30 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті. Қонақтардың арасында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, «Башқұртстан қызы» журналының редакторы Гүлназ Кутуева, […]
ОҚО әкімі: Жер қойнауын пайдаланушылар төлеген салық, олар келтірген шығынды жаппайды
Оңтүстік Қазақстан облысында заңды жер қойнауын пайдаланушылардың бюджетке төлеген салықтары мен әлеуметтік жарналарына қайта талдау жүргізілет3н болды. Облыс әкімдігінің кезекті отырысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев жауапты сала басшыларына осындай міндет қойды.Өңірдегі 175 жер қойнауын пайдаланушылардың […]
ОҚО-да алдағы жылы 13,8 мың гектар суармалы жер айналымға қосылатын болады
Оңтүстік Қазақстан облысы алдағы жылы негізгі 4 бағытта дамитын болады. Олар: өндіріс, егістік, мал шаруашылығы және туризм саласы. Осы аталған 4 саланы дамытуда аудан, қала әкімдері мен жауапты сала басшылары жұмыстарын жандардыру керек. Бүгін бұл […]
Пікір қалдыру